Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 13:57 Сурет: pixabay
"Қазгирдомет" РМК сәуір айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер сәуірде күн ұзарып, мамыражай күндер көбейтінін болжайды.

"Қазақстанның солтүстігінде сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасының 0°, ал еліміздің оңтүстігінде +10°С тұрақты оң мәндерге ауысуы байқалады. Сәуір айында еліміздің басым бөлігінде қар ериді. Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілімдердің ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады". "Қазгирдомет" РМК

Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан ойса жеткен циклондарға байланысты жекелеген күндері жаңбыр, екпінді жел, ҚР оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл сипатында тұрасыз ауа райы байқалатын болады.

"Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанады. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағаттарда 1-6°С-қа дейін үсікжүреді деп күтіледі". "Қазгирдомет" РМК

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылайтыныдығы да болжанады:

- ҚР батысында түнде 0,+10°С-тан +7+17°С-қа дейін, күндіз +7+15°С-тан +17+28°С-қа дейін;

- еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5°С-тан +5+12°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-тан +20+28°С-қа дейін;

- еліміздің шығысында түнде -7-20°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +8+13°С-қа дейін.

Республиканың солтүстігінде, орталығында барикалық түзілімдердің жиі өзгеруімен ауа температурасының ауытқуы болжанады:

- түнде -5-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының енуімен температуралық фон жоғарылауы мүмкін:

- еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С, күндіз +15+25°С-қа дейін;

- оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +10+17°С, күндіз +25 +35°С-қа дейін.

Алайда, суық ауа райының оралуы жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа массаларының енуі кезінде термометр бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында ауа температурасының түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: