Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы
Желтоқсанның басында және бір айдың ішінде республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: солтүстік өңірде қар, аракідік боран соғады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ жиі орын алады, айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты бүкіл ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:
- елдің батысында ауа температурасы: түнде: -10...-20°C дейін, күндіз: -3...-13°C дейін;
- солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде: -20...-30°C дейін, күндіз -10...-20°C дейін;
- республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде: -10...-20°С дейін, күндіз: -2...-10°С дейін.
Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары жүреді деп күтіледі:
- ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -5...-10°С дейін, күндіз: 0...-5°С дейін жоғарылайды;
- ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -3...+3°С дейін, күндіз: +5...+13°С дейін.
Алайда, жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:
- ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -20...-30°С дейін, күндіз: -8...-15°С дейін;
- ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -10...-17°С дейін, күндіз: -3...-10°С дейін.
Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2°жоғары болады деп күтіледі.
Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.