Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда жылу маусымынан кейін жылу желілері сынақтан өткізілмекші

жылу, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2023 15:15 Сурет: freepik
Екібастұз жылумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеуге дайындалып жатыр. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін бірден жөндеуге кіріседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы "Екібастұзжылуэнергиясы" ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімдігі мен "Екібастұзжылуэнергиясы" ЖШС-ің басшылығына жөндеу жұмыстарының нақты жоспарын әзірлеп, қала тұрғындарына жұмыстардың барысы мен оларды жүргізу мерзімдері туралы хабардар етуді талап етті.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық ЖЭО-дағы апатқа байланысты ТЖ салдарымен күресіп жатқан Екібастұзда магистральдық және орамішілік жылу желілерінің гидравликалық сынақтары өтеді. Осыдан кейін коммуналдық қызметтер барлық анықталған ақауларды жөндеуге кіріседі.

"Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілер қаласында жөндеу науқаны кезінде ыстық судың болмау мерзімін дәл анықтауды тапсырды. Бұл кезең әрбір жеке шағын аудан үшін 2 айдан аспауға тиіс".Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: