Қарқаралыда 150 жылдан бері тұрған ағаш үй өртеніп кетті

өрт Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті
Қарағанды ​​облысы Қарқаралы қаласында 1876 жылы салынған бір қабатты ағаш үй өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 сәуірде сағат 18:25-те Қарқаралыдағы Бөкейханов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бір қабатты ғимаратында (толығымен ағаш қаңқадан жасалған) ғимараттың төбесі, қалқалары, терезе және есік блоктары, сонымен қатар жалпы алаңы 200 шаршы метр жиһаздар мен кеңсе жабдықтары өртеніп кеткен және 85 шаршы метр болатын төбесі құлаған.

Қарқаралы, өрт

Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сағат 21:07-де сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз