Алматыда дүкен өртеніп, қызыл жалын сол маңдағы қонақ үй мен банкті шарпи жаздады

Алматыда дүкен өртеніп, қызыл жалын сол маңдағы қонақ үй мен банкті шарпи жаздады , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 11:04 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 28 сәуірде түнде Алмалы ауданындағы С. Прокофьев көшесінде орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты дүкен өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ТЖД мәліметтері бойынша, құтқарушылардың жедел әрі сауатты әркеттерінің арқасында дүкеннен өрттің қонақ үй мен банк орналасқан ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ.

Өрт 120 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Павлодарда найзағай түсіп, бірқатар аумақта электр қуаты үзілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: