Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртенді

Өрт, Алматы, Алмалы ауданы, Тілендиев көшесі, жетінші қабат, пәтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 10:32 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда 2025 жылы 15 наурызда таңертең Алмалы ауданындағы орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатында пәтер өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өртенген тұрғын үй Тілендиев көшесінде орналасқанын, от балконда тұтанғанын нақтылайды.

"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар сағат 9-36-да отты оқшаулап, 14 минуттан кейін 20 шаршы метр алаңдағы өртті толығымен сөндірді. Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2025 жылы 13 наурызда Астанада жиһаз шығаратын цех өртенген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: