Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
8 маусымда Көкшетау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді.
"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 2016 жылы туған баланы үшінші қабаттағы пәтерден құтқарып, тексеру үшін оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Өрт 15 шаршы метр аумақта сөнідірлді", делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript