Павлодарда дүкен өртеніп, үш адам зардап шекті

Өрт, Павлодар, дүкен, үш адам, зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 20:38 Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылы 6 наурызда күндіз Павлодарда Бекхожин көшесі бойындағы 10 қабатты көп пәтерлі үйге жапсарлас орналасқан екі қабатты дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар баспалдақ маршымен бір адамды және өрт сөндіру сатысының көмегімен екі адамды құтқарды. ТЖМ күштері өртті шағын алаңда сөндірді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Медициналық жедел жәрдем бригадасы ауруханаға үш адамды жеткізгені нақтыланады. 

Бұған дейін Атырауда екіқабатты тұрғын үйде пәтер өртеніп, зейнеткер әйел көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: