Тәулігіне 28 адам: Қазақстанда коронавирус жұқтыру азайды

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус жағдайы туралы мәлімет берді. Жексенбі күні 45 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болса, бүгінгі ақпаратта 28 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 802 адам коронавирус инфекциясынан (–1 623+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
0
Толық оқу