Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 сәуірдегі ақпаратты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 сәуірдегі мәлімет бойынша, бір тәулікте 61 адам коронавирус жағдайымен тіркелген. 1 306 адам коронавирус инфекциясынан (–1 157+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 149 пациент стационарда, 1 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
28 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 866 872 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 639 7743 адам вакцина алды. Ревакцинацияланғандар – 5 807 928
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript