Қазақстанда бір тәулікте 91 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 ақпандағы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 ақпандағы мәлімет бойынша, бір тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталған. Ал қазір 1 545 адам коронавирус инфекциясынан (–1 382+ және 163 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 123 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript