Жаңалықтар тізбегі
0

Отандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% артады

Отандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% артады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 14:10 Сурет: unsplash
Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов президент тапсырмасын орындау мақсатында министрліктің мәдениет, креативті индустрия, спорт және туризм салаларын дамыту жөнінде шараларын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Оралов отандық кинематографияны, соның ішінде жеке кинокомпанияларды дамыту және қолдау шаралары арқылы қазақстандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35% (2022 жылы - 13%) артатынын айтты.

"Сонымен қатар Қазақстан кинематографиясының халықаралық фестивальдер мен конкурстардағы аясы ұлғаяды. Өңірлерде кешенді мемлекеттік-жеке меншік кинопрокатты ұйымдастыру мақсатында проекциялық жабдықтар мен жылжымалы киноқондырғыларды кезең-кезеңімен алу мәселесі пысықталады". Асхат Оралов

Сонымен қатар министр жергілікті атқарушы органдармен және шығармашылық зиялы қауыммен бірлесіп, Республика күніне орай "Қазақстанның халық артисі" атағын беру жөніндегі ұсыныстар енгізілетінін айтты.

  • Оған қоса алдағы уақытта еліміздегі мемлекеттік театрлардың репертуарлары отандық авторлардың кем дегенде 1 қойылымымен жыл сайын толығып отырады.
  • Мәдениет пен өнерде жүрген талантты жастарды халықаралық деңгейге шығару мақсатында жаңа конкурстар мен фестивальдер ұсынылып, оларға қолдау көрсетіледі.
  • Одан бөлек, музейлер мен кітапханалар мәдени құндылықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін көп функционалды ақпараттық және демалыс орталығына айналуға тиіс.
"Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде еліміздегі музейлер мен кітапханаларға келушілердің жыл сайынғы саны 3%-ға (2022 жылы – 58,8 млн, жыл сайын 764 мың адамға өсу жоспарланған) артады", - деді министр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: