Спортпен жүйелі айналысатындардың үлесі 2030 жылға қарай 50%-ға жетеді - Оралов
Сурет: pexels
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 2030 жылға қарай 50%-ға жетеді деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы үкімет отырысында айтты. Ол қабылданған шаралардың нәтижесінде халықтың 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2030 жылға қарай 65%-ға дейін ұлғаятынын мәлімдеді (2022 жылы - 50%).
"Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 2030 жылға қарай 50%-ға жетеді (2022 жылы – 38,5%). Сонымен қатар министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жыл сайын бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға мемлекеттік наградалар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді", - деді министр Асхат Оралов.
Министр бұқаралық спортты дамыту үшін, әсіресе ауылдық жерлерде құрылыс арқылы тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз етуге мына шаралар қабылданатынын қоса кетті:
- жобалық-сметалық құжат әзірлеуді талап етпейтін және оларды күтіп-ұстау жергілікті бюджеттерге жүктеме түсірмейтін спорттық ядролар түріндегі аз бюджетті жазық құрылыстар;
- спорт нысандары аса қажет ауылдық жерлерде модульдік үлгідегі тез салынатын аз шығынды спорт кешендері;
- физикалық белсенділік үшін жаяу қашықтықтағы спорттық инфрақұрылым - қауіпсіз жүгіру және велосипед жолдары, спорт аймақтары, жаяу және атпен жүру жолдары бар. Бұл ретте спорттық инфрақұрылымға тиісті мониторинг жүргізілмек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript