Димаш Құдайбергеннің әжесі Президенттен алғыс хат алды
Сурет: facebook/Асхат Оралов
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Тоқаевтың мәдениет, спорт және архив ісі салаларының көрнекті өкілдеріне құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттен құттықтау хат алғандардың қатарында
- Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Мүбаракшақызы;
- жазушы, журналист Шәрбану Бейсенова;
- Қазақстанның Еңбек Ері, әнші - Роза Рымбаева;
- Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, педагог Тойған Ізім;
- ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші - Тамара Асар;
- ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Мұсақожаева;
- "Қазақконцерт" директоры Ақтоты Райымқұлова және басқа да мәдениет, спорт, архив ісі саласының қызметкерлері мен ардагерлері бар.
Ведомство басшысының айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінде, сонымен бірге оған бағынысты ұйымдарда 15 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның 10 мыңы - әйелдер. Мысалы, Ұлттық архив ұжымының 80%-ы - әйелдер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript