Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Президенттің қазақстандық гимнастарға құттықтау хатын табыстады

Асхат Оралов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2023 12:43 Сурет: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және спорт министрі Президенттің қазақстандық гимнастарға құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов спорттық және батут гимнастикасынан Әлем кубогының кезеңдерінде алтын медаль жеңіп алған қазақстандық гимнастар: Нариман Құрбанов, Милад Карими, Пирмаммад Әлиев және Данил Мұсабаевпен кездесті. 

Іс-шараға жаттықтырушылар, медицина қызметкерлері және Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова қатысты. Министр оларды соңғы жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат табыстап, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

"Сіздерді тарихи жеңістеріңізбен құттықтаймын. Қазақстандық спортшылардыңзор әлеуеті бар және менің министр ретіндегі міндетім — оларға лайықты қолдау көрсету. Спортшыларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету, соның ішінде жаттығу базалары, тамақтану, лайықты еңбекақы және басқа жағдайлар жасау. Шынында да, спорттағы жетістіктерге қысқа мерзімде қол жетпейді, бұл олар үшін өмірлік мотивация. Осы жетістікке қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Біз бәріміз бұл үлкен жолдың басы деп үміттенеміз және жақын арада өтетін Азия мен Олимпиадада сәттілік тілейміз. Біз сіздерді қолдаймыз және сіздердіңөнерлеріңізді мұқият тамашалаймыз!". Асхат Оралов
Асхат Оралов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2023 12:43

Сурет: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Әлия Юсупова өз кезегінде мемлекет тарапынан гимнасттарға көрсетілетін қолдаудыңмаңыздылығын атап өтіп, спортшыларымыздың олимпиадалық лицензияларды жеңіп алу мүмкіндігіне баға берді. 

"Мәдениет және спорт министрлігіне қолдауыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Тек қаржылық емес, моральдық тұрғыда қолдау көрсету маңызды. Әсіресе спортшылар үшінқажет. Олар алаңға шыққанда, өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейді, шаршы алаңға шыққан спортшыларға елдің қолдауы қосымша мотивация мен қоса, күш-жігер береді. Балалардың спорт және батуттық гимнастикада зор әлеуеті мен лайықты нәтижелері бар. Сондықтан олимпиада лицензияларын алу мүмкіндігіміз өте жоғары". Қазақстан гимнастика федерациясының президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: