Алматыда өмірін қатерге тіккен "мобилограф" жазаланды

Әкімшілік хаттама Сурет: pixabay
Алматыда Lexus көлігінің жолаушысы терезеден беліне дейін шығып алып, қатар келе жатқан көлікті телефонына түсірген. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі тіркелген видеоға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, жігіт желіге жүктеу үшін қызықты видео түсірмек ниетте өз өмірін қатерге тіккен. Ол терезеден белуарына дейін шығып, қатар келе жатқан көлікті телефонына түсірген

Алматы қалалық полициясы құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылғанын жеткізді. 

Жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындаған. 

"Сонымен қатар, онымен алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жөнінде заңгерлік түсіндіру жұмыстары жүргізілді". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз