Алматыда жол ережесін өрескел бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды

Ресейлік блогер, жол жүру ережесі, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 10:50 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Ресейден келген блогер жол ережесін өрескел бұзды. Блогер ол әрекетін видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялады. Ол жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қарашада Алматы полиция департаменті Ресей Федерациясының 21 жастағы азаматына қатысты мынандай құқық бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

  • Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша – "Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау";

  • Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабының 2-бөлігі бойынша –"Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу"

  • ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігі –"Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: