Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрі жанар-жағармай бағасын өсіруге түрткі тағы бір себепті атады

Дизель отыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 19:26 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс дәлізінде Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасын өсіруге түрткі тағы бір себепті атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір біз түгесілейін деген кен орындарынан мұнай алып жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, өндіріс мерзімі өткен бұрыннан келе жатқан кен орындарынан шыққан мұнай ішкі нарыққа жұмылдырылуда". Алмасадам Сәтқалиев

Оның айтуынша, қосымша ұңғымаларды бұрғылау үшін эксплутациялық және базалық шығындар көп болады.

"Бұл - өзіндік құны өте жоғары мұнай. Мұнай бар, бірақ оны өңдеу кезінде сатылым бағасы жабуы тиіс шығындар пайда болады. Ірі кен орындарына келетін болсақ, ол арада экспорт көлемін реттейтін халықаралық келісімдер мен өнім бөлінісі туралы келісімдер бар. Үлкен инвестициялар салынды, ол инвестиция өтелуі керек. Яғни, осы базалық шығынға белгілі бір мұнай өнімін өңдеу құны қосылады". Алмасадам Сәтқалиев

Нәтижесінде ол газ өндірісі қып-қызыл шығын екенін мәлімдеді: "Қазақгаздың" 300 млрд теңгеге жуық жинақталған шығыны бар.


"Тарифтер және басқасы есебінен өтелетін шығындардан тұратын өзіндік құн қалыптасады. Сату құны өзіндік құннан төмен болғандықтан минуста отырмыз. Инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін сала өсімін, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуді кезең-кезеңмен арттыру қажет". Алмасадам Сәтқалиев


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: