Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімі жас мамандармен кездесті

Батыс Қазақстан облысының әкімі, жастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:24 Сурет: Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
Кеше Орал шаһарында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен жас мамандармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге "Жаңа талап" мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары, жоғары курс студенттері және жас мамандар қатысты.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, жастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:24

Сурет: Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалы - еліміздің игілігі үшін қызмет істейтін, стратегиялық ойлау қабілетіне ие жоғары кәсіби мемлекеттік қызметшілерді дайындау орталығы. Өңірімізде аталмыш филиалдың құрылғанына жеті жыл болған.

БҚО, жастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:24

Сурет: Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың басынан бастап филиалда 196 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарында оқытылған. Сондай-ақ 48 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өткізілген. Оның ішінде 32 адам басшы лауазымдарға алғаш тағайындалса, 16 адам мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған.

 Батыс Қазақстан облысы, жастар, жас маман, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:24

Сурет: Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін дамыту үшін мамандардың келуін ынталандыру мақсатында "Дипломмен ауылға" жобасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Аталмыш жоба нәтижесінде баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған жас мамандар аз емес. Қазіргі күнде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап біржолғы көтерме жәрдемақы сомасы 100 АЕК 345 000 теңге болып бекітілген. Сондай-ақ ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандар 1500 АЕК көлемінде (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5175000 теңге) жыл сайынғы 0,01% сыйақы ставкасымен 15 жылға дейін тұрғын үй сатып немесе салып алуға кредит рәсімдей алады.

– 2022 жылы республикалық бюджеттен 380 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру үшін 1745,9 млн.теңге бөлініп, 387 маман баспаналы болды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерге келген 1031 маманға 316,8 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақы төлеуге қаражат бөлінді. Жалпы 2009 жылдан 2023 жылдың 1 қаңтарына 8551 маман дейін ауылға жұмысқа тартылды. 2023 жылы республикалық бюджеттен 509 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру үшін 2634,0 млн.теңге көзделген. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерге келген 900 маманға 737,8 млн. теңге сомасына әлеуметтік қолдау көрсетуге қаражат, оның ішінде 310,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы қарастырылған. 1 наурызға дейін 128 маман көтерме жәрдемақы алып үлгерді, – деп атап өтті стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева. Сондай-ақ жиында жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған "Қоғамдық жұмыс орындары", "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімі" жобаларының ерекшеліктері туралы айтылды.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, жастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:24

Сурет: Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда облыс бойынша 348,3 мың адам экономикалық тұрғыдан белсенді. Соның ішінде 330,9 мың адам жұмыспен қамтылған, 17,4 мың адам жұмыссыз. 15,3 мың адам жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген.

 – Биылғы жылы жастарды қолдау, олардың бастамаларын жүзеге асыру үшін бірқатар кешенді шаралар жоспарланып, жастар саясатын іске асыруға көлемді қаражат бөлінді. Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру бағытында біраз шара қолға алынуда.. Бұл бағытта облыс бойынша тұрақты түрде еңбек жәрмеңкелері, ашық есік күндері, жастар ресурстық орталықтарының "Жас маман" жобалары жүзеге асырылуда Осы мүмкіндікті жастарымыз пайдаланып, мемлекеттің қолдауын сезінгені дұрыс,-деп жиынды түйіндеген облыс басшысы жастарды ауылға барып, еңбек етуге шақырды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: