Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерді марапаттады
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында болып, бірқатар мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқыды.
Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі де ұтымды еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік. Халықтың сенімін ақтау – мерейлі міндет. Ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде, – деді өз сөзінде Нұржан Нұржігітов.
Басқосуда облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері жөнінде де айтылды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript