Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алынды

Алматы, асқазан, шаш, жүн, бала денсаулығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 15:36 Сурет: pixabay
Алматыда хирургтар ұл баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүн алды. 10 жасар науқас балалар ауруанасына іш ауыруы, құсу, ауырсыну және әлсіздік шағымдарымен жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасының айтуынша, баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған. Ол кілемнің түгін де суырып алып шайнайды екен.

"Дәрігерлер 90 минут операция жасады. Асқазаннан үлкен трихобезоар алынды. Баланың асқазанында шырыш пен тағам араласқан 900 грамм шаш пен жүннен диаметрі 20-да 15 см болатын орам пайда болған". Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев атап өткендей, трихобезоар қорытылмаған заттардың – шаш пен жүннің тамақ массасымен жиналуынан пайда болған, ол асқазан сөліне араласып, тығыз орамға айналған.

"Баланың жалпы жағдайының ауырлығына және операцияның күрделілігіне байланысты науқас бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, одан әрі хирургиялық бөлімде емделіп, 11-күні ауруханадан шығарылды", – дейді балалар хирургі.

Осы орайда дәрігер ата-аналарға баласының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аударып, аталған жаман әдеттер болған жағдайда дереу мамандарға: психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға хабарласуға кеңес берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: