Алматыда 10 жасар бала жоғалды

10 жасар жоғалған бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 12:15 Сурет: әдеуметтік желіден
Алматыда 10 жасар Геннадий Рагутько жоғалып кетті. Ол 10 мамырда үйден шығып, осы күнге дейін қайтып оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрксіб аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, қазір олар Геннадий Рагутьконы белсенді түрде іздеп жатыр.

Жедел бөлімше, ювеналды полиция және сыртқы қызмет қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Сонымен қатар, еріктілер іздеу жұмыстарына белсенді түрде көмектесіп жатыр.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, қазір бала табылып қалуы мүмкін жерлер тексеріліп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, бала бұған дейін үйден шығып кеткен, бірақ қайтып оралған.

Іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: