Алматыда 9 жасар қыз жоғалып кетті

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 17:08 Сурет: polisia.kz
Алматы полицейлері 9 жасар Айша Тимурды іздеп жатыр. Қыз 6 желтоқсан күні сағат 07:40-та Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден мектепке шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айша – арықша келген, шашы қара қыз. Үстіне қызғылт күрте, белдемше, қара етік және көк бас киім киген. Қызыл сөмкесі бар.

"Алматы қаласының полициясы із-түзсіз жоғалған қызды көрген-білгендер болса, дереу 298-54-02; +7702-730-07-08 немесе 102 нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды", – делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстарына полицияның барлық жасағы, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен қамқор жандар жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: