Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында көшеден қараусыз үш жасар бала табылды

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2021 17:46 Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Ол ата-анасы шырт ұйқыда жатқанда үйден шығып кеткен.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері үйден қашып кеткен үш жасар баланы тапты. Ол туыстарына қайтарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы саябақтардың бірінде болған. Таңғы 4:30 шамасында жедел-тергеу тобының қызметкерлері кезекші бекетке келіп түскен қоңырау бойынша ересектердің қарауынсыз жалғыз жүрген баланы тапты. Баладан неге жалғыз жүргенін, ата-анасы, үйі қайда екені сұралды. Бірақ ол бұл сұрақтарға жауап бере алмады. Осыдан кейін бала полиция бөліміне жеткізілді.

Баланың ата-анасын және оның тұрғылықты мекен-жайын анықтау үшін тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды 6 сағат бойы кезіп, үй-үйді аралап шықты.

Олар табылған баланың суретін көшеде кетіп бара жатқанадамдарға көрсетіп, іздеуді жалғыстырды. Сағат 11:00 шамасында полиция лейтенанты Нұрдәулет Нәсірбаев жолда жоғалып кеткен баланы іздеп келе жатқан әйелді кездестіреді. Ол баланың туған тәтесі болып шықты.

Ересектер ұйықтап жатқанда, бала түн ортасында үйден шығып кеткен. Таңертең оянған ата-анасы ұлын төсектен таппай қалады, оны олар өз бетімен табуға тырысқан. Бірақ одан нәтиже шықпаған. Осыдан кейін олар полиция көмегіне жүгінген, деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: