Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан пияз экспортына салған тыйымды алып тастады

пияз, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 12:43 Сурет: pixabay
Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 8 сәуірде Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін бұйрықпен республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдері мен мемлекеттеріне 20 000 тонна мөлшерінде пиязды (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді.

Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды.

"Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады".Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, қаңтарда Қазақстан 3 айға пияз экспортын тоқтатқаны хабарланған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі сол кезде мұны пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалғанын түсіндірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: