Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстанның халық артисі" атағына ие мәдениет қызметкерлеріне берілетін үстемақы екі есе өседі

"Қазақстанның халық артисі" атағына ие мәдениет қызметкерлеріне берілетін үстемақы екі есе өседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 16:17 Сурет: primeminister.kz
Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстанның халық артисі" құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне базалық лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулы жобасы бүгінгі Үкімет отырысында бекітілген.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап "Қазақстанның халық артисі" атағы қайта берілетін болды. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.

Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін "Қазақстанның еңбек сіңірген артисі" немесе "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

Бүгінде елімізде 49 өнер қайраткері «Халық әртісі» атағына ие, оның ішінде 37 адам мемлекеттік мәдениет мекемелерінде қызмет істейді.

"Қазақстанның халық артисі" атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді", - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: