СҚО әкімдігі көпір неге қалқып жүргенін түсіндірді
Сурет: pexels
Куәгерлер понтон көпірді су шайып, төмен қарай қалқып бара жатқаны түсірілген бейнежазба жариялады. Бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысындағы Соколовка ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылжар ауданының әкімдігі бұл жағдай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Әкімдік 10 сәуірде Есіл өзеніндегі су деңгейі көтерілгендіктен, аудан әкімдігі Соколовка – Большая малышка ауылдарын жалғап тұрған понтон көпірді уақытша ажырату бойынша жыл сайынғы жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
"Жұмыстар көзделген жоспарға сәйкес жүргізілді, атап айтқанда Соколовка ауылы жағынан қолданыстағы іргетас блоктарына бекітілген аппарельдер алынып тасталды. Ал Большая Малышка ауылы жағынан автокранмен алынды", - делінген хабарламада.
Қазір көпір қалқып тұр. Көп ұзамай ол жағаға бекітіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript