Жаңалықтар тізбегі
0

Оралға ақтөбелік кішкентай актерлар іс-сапармен келді

Театр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 19:17 Сурет: Мақашева театры
Батыс Қазақстан облысына Ақтөбе қаласы Оқушылар сарайының "Колокольчик", "Арлекин" театрлары және "ЖАСАРТ" қуыршақ театрының педагогтері мен оқушылары іс-сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың негізгі мақсаты  –  "Мақашева" театрының жұмыс барысымен танысу, өзара пікір алмасу.  Орал шаһарындағы эстетикалық бағыттағы гимназияда  театр актерлары шағын қойылым көрсетті. Қалалық білім бөлімі және оқуушылар сарайының басшылығы ұйымдастырып жатқан шара ақтөбелік балғындарға ерекше әсер сыйлаған. Бұл туралы ақтөбелік "ЖАСАРТ" қуыршақ театрының жетекшісі Мира Таубатырова әңгімелеп берді.

"Орал қаласында әдемі, әсерге толы күндеріміз өтуде. Әсіресе, балаларға қаланың тазалығы, таза ауа, жергілікті тұрғындардың жылы пейілі ерекше ұнап жатыр. Оралда "Мақашева" атты  жақсы балалар  театры бар екенін естідік. Бүгін сол театрдың жас әртістерімен, жетекшісімен тәжірибе алмасудамыз. "ЖАСАРТ" балалар театрында 33 бала бар. Театрдың құрылғанына 17 жыл болды. Репертуарымыз бай. Көбіне балаларға арнап ертегілерді өзіміз жазамыз. Сонымен бірге бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтерген түрлі елдердің ертегілерін аударып, кішкентай көрермендеріміздің назарына ұсынамыз", – дейді  Мира Таубатырова.


Театр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 19:17

Сурет: Мақашева театры


Театрда балалар дұрыс киінуді, өзін ұстауды, эмоцияларын жасырмай  білдіруді үйренеді. Сондай-ақ өзін-өзі бақылап, тәртібін қолға алады. Жалпы балалар театры мейірімді болуға, достарына көмектесуге, адамды түсінуге, өз сезіміңді айтуға үйретеді.


Театр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 19:17

Сурет: Мақашева театры


"Ақтөбелік қонақтарымызбен тәжірибе алмасудамыз. Осындай керемет шараны ұйымдастырған қалалық білім бөлімі мен Оқушылар сарайының директоры Шолпан Серікқалиқызына алғысым шексіз. Балалардың бір-бірін көріп, танысып, сөйлескені дұрыс. Олар кәсіби актерлар болмаса да, өнерге қанат қағып, алға ұмтылып жүрген жас талапкерлер ғой. Біз оларға қолдан келгенінше қолдау көрсетудеміз. Ақтөбе мен Оралдың кішкентай әртістері кешелі бері бір-біріне сұрақ қойып, бір-бірін қолдап, тәжірибе алмасуда. Сондықтан осындай шаралардың жиі өткізілгені дұрыс"  – дейді "Мақашева" театрының жетекшісі Эльмира Мақашева.

 Айта кетсек, "Мақашева" театрында 8-17 жас аралығындағы 40-қа жуық бала актерлық шеберлікті үйренуде.


Театр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 19:17

Сурет: Мақашева театры


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: