Соттың шешімі бойынша Алматыда ірі мейрамхана сүріледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі барысында Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында орналасқан мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған болатын.
Меншік иесіне қатысты ҚР Кодексінің 316-бабының 1-бөлігі, 321, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді.
26.08.2022 жылы сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, алайда жауапкер апелляциялық шағым берді.
19.10.2022 жылы қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
2023 жылдың 13 сәуірінде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript