Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артуы мүмкін

өмір сүру ұзақтығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 22:27 Сурет: pixabay
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство басшысы денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасын атап өтті.

"Өткен жылы халықтың жалпы өлімі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмендеді, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің 33%-ға, обырдан болатын өлім-жітім 8%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім 1,7 еседен астам төмендеді, туберкулезден болатын өлім-жітім 17,6%-ға төмендеді". Ажар Ғиният

Ол Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2022 жылы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 3 жылға артып, 73 жылдан астам уақытты құрағанын атап өтті. Бұл факт 2025 жылы өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: