Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

көктем, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 22:51 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" ертең, 15 сәуірде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 23 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Астанада қар жауады, түнде кей уақыттарда қатты қар болады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде 23 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 24-29 м/с.

Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысында қар жауады, түнде облыстың батысында, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Ұлытау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 23-28 м/с шаңды дауылмен сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың, оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: