Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2024 20:24 Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жел күтіледі. 

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: