Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 09:04 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам екенін баса атап өтті.

Президент мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келетінін айтты. 

"Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді. Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз. Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетсек, Пасха мерекесіне арналған діни рәсім 16 сәуірге қараған түні республикамыздың барлық ғибадатханаларында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: