Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2024 09:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенелетінін, болашағы жарқын боларына сенімі артатынын айтты.

"Құрметті еліміздің православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.    

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.   

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді. 

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: