Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев күрес түрлерінен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 12:21 Сурет: Telegram/aqodra_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіздер байрақты бәсекеде топ жарып, ел абыройын асқақтаттыңыздар. Боз кілемде жеңіске деген ерік-жігер мен шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйладыңыздар. Бұл – табандылық пен қайсарлықтың, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз. Еліміз күрес өнерін дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Балуандарымыздың дүбірлі додаларда үздіктер қатарынан көрінуі – соның айқын дәлелі", – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Мемлекет басшысы спортшыларымыздың алдағы уақытта да аламан сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін көтере беретініне сенім білдірді.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының қорытынды есебі: 

2023 жылы 9-14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 22 елден 331 спортшы қатысты.

Еркін күрес:

4 алтын медаль - Досжан Санжар (70 кг), Есенғали Дархан (74 кг), Сақтаев Болат (79 кг), Дәулетбеков Азамат (86 кг);

2 күміс медаль - Айтмұхан Ризабек (92 кг), Батырзаев Жүсіп (125 кг);

1 қола медаль - Қалжан Рахат (57 кг).

Жалпыкомандалық есепте - І-орын.

Әйелдер күресі:

2 алтын медаль - Бақбергенова Жәмила (72 кг), Сыздықова Эльмира (76 кг);

3 қола медаль - Седнева Марина (55 кг), Раймова Нилуфар (57 кг), Шалыгина Елена (68 кг).

Грек-рим күресі:

1 алтын медаль - Магомедов Ибрагим (72 кг);

2 күміс медаль - Қален Диас (82 кг), Тұрсынов Нұрсұлтан (87 кг)

5 қола медаль - Бекболатов Аманғали (55 кг), Мамырбек Мұхамедали (63 кг), Кебіспаев Алмат (67 кг), Сырлыбай Олжас (97 кг), Сыздықов Әлімхан (130 кг).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: