Ақмола облысында жабылған тас жолдарда 700-ден астам көлік қалып кеткен
Патрульдік жасақтар жол-коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, күрделі климаттық жағдайға (қар, көктайғақ, жаңбыр) байланысты жабылған тас жол учаскелерінде қалып кеткен 770 көлік құралын, оның ішінде 625 жеңіл, 145 жүк машиналарын бірнеше бағытта ертіп жүрді.
Көліктер қалып кеткен жабық тас жолдар мыналар: Жақсы кентінен Қажымұқан ауылына дейінгі Екатеринбург – Алматы халықаралық маңызы бар трассалар, Қостанай қаласының шекарасына дейінгі Жақсы-Есіл - Бұзылық, Астанадан Щучинскке дейінгі Астана - Петропавл Республикалық маңызы бар трассалар, Жезқазған – Петропавл, Қостанай - Әулиекөл - Сурған, Көкшетау-Атбасар трассалары және Астана-Ерейментау-Шідерті.
"Қазір ауа-райына байланысты бірқатар автожолдар жабық. Жүргізушілерден автожолдардың жабылғаны туралы хабарламаны ескеруді, елдімекендерден тыс жерлерге бармауды сұраймыз". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, бүгін Астанада қар жауды.