Ұлытау облысында 700-ден астам киік мүйізі тәркіленді

Киіктің мүйізін заңсыз алып бара жатқандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2022 17:58 Сурет: wikimedia
Қарағандылық полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарлардың 700-ден астам мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде екі өңір аумағында киік атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Олар мүйіздерді Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Тергеу барысында мүйіздің бір келісін 80 мыңнан 100 мыңға сатқаны анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды.

Барлығы 150 келі, яғни 732 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомототехника алынған. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: