Әбілхан Аманқұл үшінші жекпе-жегін нокаутпен жеңді
![Аманқұл Әбілхан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 11:40](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3c97d611-bd73-41b9-aac6-a8548ce7a5e7/800x478.webp)
25 жастағы кәсіпқой боксшысы Әбілхан Аманқұл америкалық рингтегі мексикалық Даниэль Эчеверриамен үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz .
Помон қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл мексикалық қарсыласын жеңіп шықты. Бұл жекпе-жекке дейін екі рет жеңіске жеткен Әбілхан бұл жолы Даниэль Эчеверрианы (21-11, 18 КО) жеңді. Жамбылдық боксшы мексикалықты екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Әбілхан үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы үшінші жеңісі болды.
Бокстың бұл кешінде тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) венесуэлалық Эбер Рондонды (20-3, 13 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript