Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді
Бұл туралы мексикалық боксшы баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
Боксшы сөзін ESPN KnockOut жариялады.
— ESPN KnockOut (@ESPNKnockOut) May 23, 2022Canelo Álvarez deja entrever que volverá ante Golovkin en septiembre
DETALLES 👇 https://t.co/xehpLqJuh2
Алдағы бірнеше күнде біз қыркүйек айындағы жекпе-жек жайлы ақпарат жариялаймыз; әрине (қыркүйекте) ол GGG-ге қарсы болады, өйткені бізде осындай келісім болған, бірақ мен тағы да Биволмен де жұдырық түйістіремін. Сауль Канело Альварес
Канело мен GGG-дің (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді деп күтіледі.
Альварес абсолютті әлем чемпионы болып табылатын супер орта салмақта бақ сыналады.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті. GGG мен Канелоның алғашқы кездесуі дау-дамаймен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте мексикалық төрешілердің басым дауысымен жеңімпаз болып танылды.
8 мамырда Канело ресейлік Дмитрий Биволдан сенсациялық түрде жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін ресейлік реванш өткізуге уәде берді. Осыған байланысты Головкин – Альварестің көптен күткен жекпе-жегі кейінге шегерілу ықтималдылығы да туды.