"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жектің басты шартын атады
![Instagram/canelo/gggboxing, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2021 17:25](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-d75d2b0e-72c5-4dfd-aea6-e20722e32abd/800x452.webp)
Мексикалық боксшы Сауль Альварес ("Канело") қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектің басты шартын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz. жазуынша, 7 қарашада мексикалық боксшы IBF титулының иегері Калеб Плантпен супер орта салмақтағы Абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Содан кейін "Канело" 2022 жылы тағы төрт жекпе-жек өткізуге ниетті.
Альварестің қарсыласы болуы мүмкін дегендердің қатарында Головкин, сондай-ақ америкалық боксшылар Дэвид Бенавидес пен Джермалл Чарло және ресейлік Артур Бетербиев бар.
– Головкиннен сұраңыз, ол дайын ба? Мен өзім кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын, – деп жауап берді Канело ESPN Deportes-ке GGG-мен үшінші жекпе-жек туралы сұраққа.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті.
GGG мен "Канелоның" алғашқы кездесуі дау-дамай тудырған тең есеппен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте Мексика өкілі төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.
Бақытжан Отарбаева