Головкин мен Канело үшінші жекпе-жек туралы келісті

Енді Канело мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесу қашан өтетіні мүлдем белгісіз болып қалды.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 2020 жылдың 12 қыркүйегінде өтеді.
The Athletic басылымының дерегінше, спортшылар ауызша келісімге келіп, тіпті гонорарлары туралы да келісіп қойған екен.
Бұл жекпе-жек "Эй-ти-энд-ти-стэдиум" аренасында өтуі бек мүмкін, Арлингтон, Техас штаты, АҚШ.
Головкин мен Канелоның алғашқы кездесуінде тең нәтиже тіркелді. Екінші жекпе-жекте ұпай санымен мексикалық боксшы жеңімпаз деп танылған.
2 мамырда Канело Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы тиіс еді, бірақ ол жекпе-жек кейінге қалдырылды.
Getty Images
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript