Геннадий Головкин Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегінің жарнамасын жариялады

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 22:55 Сурет: Instagram/gggboxing
GGG мен Канело арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған. Бірақ айтулы айқас қайта өтетіні әлі белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірер күн бұрын мексикалық боксшы баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы жекпе-жек жайынан мәліметпен бөліскен болатын. Ол баспасөз мәслихатында қыркүйекте Головкинмен жұдырық түйістіретінін нақтылады.

Айта кетелік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өткен болатын. Бірінші кездесу дау-дамаймен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте мексикалық төрешілердің берген басым дауысымен жеңімпаз деп танылды.

8 мамырда Канело ресейлік боксшы Дмитрий Биволдан сенсациялық түрде жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін Бивол реванш өткізуге уәде берді. Осылайша, Головкин – Альварестің көптен күткен жекпе-жегіне өзгеріс ену ықтималдылығы жоғарылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: