Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік құтқарушылар далада адасқан малшыларды құтқарды

Ақтөбелік құтқарушылар далада адасқан малшыларды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 16:13 Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының құтқарушылары кеше екі іздестіру-құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуірде 112 пультіне ауа райының қолайсыздығына байланысты 1978 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, Мәртөк ауданының Қаратоғай және Родниковка ауылдарының арасында адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар күшімен ер адам сағат 00:50-де Родниковка ауылынан 20 шақырым жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Ақтөбелік құтқарушылар далада адасқан малшыларды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 16:13

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сол күні құтқарушылар "Тама Есет-батыр" шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, оралмаған малшыны іздестірді. 16 сәуір күні сағат 03:40-та іздестіру тобы ер адамды тауып, шаруашылық қожалыққа жеткізді. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Құтқарушылар ауа-райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауылды ескертулер хабарламаларын ескеріп, ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: