Петропавлда Жаңа жылда аяғын сындырып алып, есігін іштен аша алмаған екі әйелге көмек көрсетілді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Жаңа жылда екі бірдей құтқару операциясын сәтті іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтарда Петропавлда төтеншеліктерге 1949 және 1952 жылғы екі әйелге қатысты екі шақырту келіп түскен. Үйлерінде жалғыз болған екеуі де аяғын сындырып алып, туыстары келгенде есікті аша алмаған. Ал туыстары өз кезегінде құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Оқиға орындарына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтардың көмегімен шатырдан арқылы пәтерлерге кірген.
"Кәсібилігі, жанқиярлығы мен кез келген уақытта дайын болғандары үшін батырларымызға алғыс білдіреміз!" - деді көмек сұраған адамдар.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript