Ақтөбелік құтқарушылар далада адасқан малшыларды құтқарды
![Ақтөбелік құтқарушылар далада адасқан малшыларды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 16:13](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-83051eba-0871-444f-b851-9a06d83f4b30/800x453.webp)
15 сәуірде 112 пультіне ауа райының қолайсыздығына байланысты 1978 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, Мәртөк ауданының Қаратоғай және Родниковка ауылдарының арасында адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар күшімен ер адам сағат 00:50-де Родниковка ауылынан 20 шақырым жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сол күні құтқарушылар "Тама Есет-батыр" шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, оралмаған малшыны іздестірді. 16 сәуір күні сағат 03:40-та іздестіру тобы ер адамды тауып, шаруашылық қожалыққа жеткізді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарушылар ауа-райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауылды ескертулер хабарламаларын ескеріп, ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.