Төтеншеліктер аяғын сындырып алып, тау шатқалында қалып кеткен туристі құтқарды
Сурет: ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі
Алматы тауларындағы Проходное шатқалында турист аяғын сындырып алып, құтқарушылар көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылы 5 маусымда сағат 12:57-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Проходное шатқалында ер адамның аяғын сындырып алғаны, оның өздігінен төменге түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы шатқалға аттанып, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Аяғын байлап, оны зембілмен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің бригадасы төменге түсірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
