Шымкент тұрғыны суағар темір торға аяғын тығып алып, кептеліп қалды
Сурет: видеодан алынды
Шымкент қаласында суағар темір торға 29 жастағы келіншек аяғын тығып алып, кептеліп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы Абай көшесі бойындағы Надежда дәмханасы маңында орын алған. Темір торға аяғы абайсызда кіріп кетіп, шығара алмай жатқан 1993 жылғы азаматшаға жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл түрде көмекке келді.
Оқиға орнына барған құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен темір торды керіп, зардап шегушінің аяғын босатты.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Көшеде жүргенде абай болыңыздар, деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript