Құтқарушылар Горельник шатқалында жарақаттанып қалған туриске көмектесті
Сурет: ҚР ТЖМ
ТЖМ құтқарушылары Горельник шатқалында аяғын жарақаттап алған туристі тауып, оған медицина көмегін берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 тамыз күні 50 жастағы ер адам туристік топпен бірге Горельник сарқырамасына көтерілген. Ол алдын ала болжам бойынша аяғын сындырып алған. Топтың бір мүшесі құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұраған.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу шақырылған жерге барған. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының хабарлауынша, құтқарушылар туриске жаяу жеткен. Мейіргер алғашқы медицина көмегін көрсетіп, ер адамды зембілмен жедел жәрдем бригадасының көлігіне мінгізген.
ТЖМ құтқарушылары азаматтардан тауда сақ болуды сұрады, ережелерді қатаң сақтау керек екенін еске салды.
"Тек топпен қозғалуыңыз керек. Оның бөлінуіне жол бермей, топтағы ең әлсіз адамға қарай қозғалыс қарқынын анықтау керек. Қауіпсіздік мақсатында жолды қысқартуға болмайды", - деді құтқарушылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript