Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға жануарларды қорғайтын полиция керек пе – Экология министрі жауап берді

Қазақстанға жануарларды қорғайтын полиция керек пе – Экология министрі жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 14:27 Сурет: Алматы әкімдігі
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстанға жануарларды қорғау полициясы қажет пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бұл мәселені жан-жақты қарастыру керек деп есептейді.

"Ішкі істер органдары бар. Кейбір қосымша бөлек қызметтерді құруға болады. Бұған қосымша бюджет қажет. Екінші жағынан, әрине, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның әлі де орындалуын қамтамасыз етуге ұмтылу керек. Соның ішінде жануарлар иелері де жауапкершілігін жеткілікті деңгейде орындауы керек. Бұл бағытта жауапкершілікті арттырсақ, сәйкесінше, жеке полиция күшінің де қажеті болмайтын шығар".Зульфия Сүлейменова

Ол үй жануарларының иесі көбіне өз жануарына тиісті деңгейде қарамайтынын айтып, серуендеу жағдайларын мысалға келтірді.

"Сол жануарлар көшеге шыққанда айналадағы жануарлардың барлығы ұрықтандырылып, күшіктері дүниеге келеді. Бізде қаңғыбас жануарлар осылай көбейеді. Сондықтан зарарсыздандыру, вакциналау, чиптеу маңызды. Ішкі істер органдары қаңғып жүрген иттердің иесін іздейді. Өйткені олар залалсыздандырылмаған. Оны чиптеу де қиын. Қазір біз жануарларды қорғау ұйымдарымен, әкімдіктермен, ветеринария басқармаларымен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен механизмдерді әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз".Зульфия Сүлейменова

Сонымен қатар министр өзінің мысығы микрочиптелгенін бөлісті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазір елімізде жануарларды қорғауға арналған "жедел желі" жұмыс істейді.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: