Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда 470 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінген шенеуніктерді сот кінәсіз деп таныды

Атырау қаласының №2 соты, Атырау облысы құрылыс басқармаы, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 10:20 Сурет: Zakon.kz
Атырауда мектеп, спорт залдары мен отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салуға бөлінген 470 млн бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған облыс әкімдігінің қызметкерлерін сот кінәсіз деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

№2 Атырау сотының шешіміне сәйкес, Атырау облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының қызметкерлері қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Сот Т., К., К., М., О., Н., Ж., С.-ны олардың әрекеттерінде тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты барлық эпизодтар бойынша кінәсіз деп таныды. Сот сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өтеу құқығын таныды. Азаматтық талап қараусыз қалдырылды.Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

Атырау облысы прокурорының атына бірқатар жеке қаулы шығарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотта адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу (ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы), жымқыруға жәрдемдесу (ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі - 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) және мүліктік пайда алу мақсатында бірнеше рет іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша мемлекетке ірі залал келтіру (ҚК-тің 28-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) фактісі бойынша мердігер Т.-ға, мердігердің туысы К.-ға, техникалық қадағалау жөніндегі инженерлер О., М.-ға, техникалық қадағалау компаниясының басшысы К.-ға, Атырау облысы Құрылыс басқармасының қызметкерлері – С., Н., Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Олар 3 спорт зал, Дамбы ауылындағы 300 орындық мектеп, Көкарна ықшау ауданындағы ауысымда 25 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория, Қара Депо ықшам ауданындағы ауысымда 25 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория объектілерін салуға бөлінген бюджеттік қаражатты иемдену және талан-таражға салумен кінәлілерге сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырғаны, техникалық қадағалау жөніндегі инженерлер М., О., ЖШС директоры - К. шындыққа сәйкес келмейтін орындалған жұмыстардың актілерін жасау және оларға қол қою арқылы оларға жымқыруға жәрдемдескені, осылайша 470 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлап, аса ірі мөлшерде мемлекетке залал келтіргені үшін айыпталған.

"Сотта қылмыстық іс қозғалған кезде құрылысына бюджет қаражаты бөлінген 4 объектінің аяқталмағаны, мемлекеттік сатып алуды, құрылысты, мердігер ұйыммен жасалатын мәмілелерді өткізу жөніндегі барлық шарттар сотпен жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танылмағаны, сотталушылар арасындағы қылмыстық сөз байласу сотқа дейінгі тергеу барысында да, сондай-ақ сотта да анықталмағаны, құрылыстың мерзімінде аяқталуына кедергі келтіретін көптеген объективті себептер анықталғаны, мысалы: тапсырыс берушімен құрылысқа ақшалай қаражат уақтылы бөлінбеуі, бұл қосымша шарттар жасауға жасауға себеп болғаны, пандемия жұмыс күшінің болмауына, құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соққаны, мердігердің өзі ЖСҚ-да көзделмеген қосымша жұмыстарды орындалғаны, тиісінше, бұл қосымша жұмыстар құрылыс-экономикалық сараптамалар жүргізу кезінде ескерілмегені және т. б. куәлік еткен мән-жайлар сотталушылардың жымқыруға немесе осындай жымқыруға жәрдемдесуге тікелей ниеті болмағаны анықталған", - делінген хабарламада.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: